Биыл тамыз айына дейін елімізде 73,7 млн тонна көмір өндірілген
Ал құны – былтырғы деңгейде. Тиісінше бағаны сақтап қалудың тың тәсілі ретінде көмірді автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге алып кету 6 айға шектеліп отыр. Бұл туралы үкіметте өткен кеңесте айтылды. Сондай-ақ отырыста пилоттық жоба жайы да қаралды. Яғни енді азаматтар қара отынды танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы тапсырыс бере алады. Мамандардың айтуынша бұл тәсіл көмір алуға деген кезектерді азайтады. Пилоттық жобаны қолдаған Әлихан Смайылов жауаптыларға қара отынды жеткізіп беру және бағаның тұрақтылығы бақылауда болуы тиіс деп тапсырма берді.