Үндістандық компаниялар Қазақстанмен серіктес болуға ынталы
Тиісінше Еуропалық басқа да компаниялармен қосылып, осы маршрутты кеңейтпек. 300 жуық әлемдік инвесторлардың қатысуымен өткен форумда бұдан бөлек құны 1 млрд доллардан асатын 25 құжатқа қол қойылды. Бұл жолы көлік және логистика, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру секілді бағыттарға басымдық берілген. Сыртқы істер министрлігің айтуынша, жыл соңына дейін шамамен тағы 50 жоба қолға алынады.
Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Соңғы 5 жылда жыл сайын тартылатын инвестиция көлемі 24 млрд теңгенің шамасында. Биылдың өзінде жақсы келе жатырмыз. 28% өсіп, 14,7 млрд доллар көрсетті. Бұл жарты жылдық көрсеткіш. Жылдың аяғына дейін 27-28 млрдқа дейін инвестиция тартылады.