Қазақстан - Әзербайжан арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Бұл бытырмен салыстырғанда 5 есеге көп. Өйткені қазақстандық бидай мен ұн экспорты артқан. Бұдан бөлек бізден Әзербайжанға биыл темір жол локомотивтері, қара металл, рельстер мен минералды тыңайтқыштар да көп жеткізілген. Сонымен қоса Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы мұнай тасымалы және Транскаспий дәлізімен жүк тасымалы да қызып тұр.
Эльданиз Амиров, экономист:
-Сауда айналымының көрсеткіштері әлі де артады деп күтіп отырмыз. Бұған ең алдымен әлемдегі геосаяси ахуал әсер етті. Өйткені, мәселен, Әзербайжанның бидайдағы қажеттіліктерін толығымен Қазақстан жауып отыр. Екіжақты ынтыматастықты нығайтуда «Ұлы Жібек болы» бойындағы көлік дәлізінің маңызы зор. Жазда екі елдің басшылары кездескенде, осы туралы айтқан еді. Биыл Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалы 3 есе өсті. Келер жылы Қытайдан Қазақстанға, одан ары Әзербайжан, Грузия, Түркия мен Еуропаға жалғасып жатқан дәліз арқылы тасымал көлемін арттыруға көп көңіл бөлінеді.