Атырауда мамыр айына дейін пияз бағасы тұрақты болады
Егер мұнайлы өңірдің аталған өнімге деген жылдық қажеттілігі 8-9 мың тонна екенін ескерсек, тапшылық болмайды. Әдетте артылған пияз Балтық маңы елдері мен Польшаға экспортталатын. Енді Үкімет қаулысына сәйкес, өнімдер тек еліміздің ішкі нарығына бағытталады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы құрылымдары мен жергілікті билік арасындағы келісімшарт негізінде облыста тұрақтандыру қоры жасақталған. Қазір қоймаларда 1400 тонна пияз бар.
Нұрдәулет Жұмасейітов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:
- Сол аталған шарт негізінде ағымдағы жылдың мамыр айына дейін пияз өнімін қала тұрғындарына қолжетімді және жеткілікті көлемде сауда орындарында ұсынатын болады. Жоғарыда аталған айналым схемасы шеңберінде пимяздың бағасы 1 келісі 130 теңгеден тұтынушыларға ұсынылып отыр. Ол келісімшартпен негізделген.