Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымы 40 млрд долларға жетті
Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6% көп. Өткен жылдың 9 айында Еуроодақ еліміздің экономикасына 8 млрд доллардан астам инвестиция салған екен.
Осыдан-ақ кәрі құрлық елдерін Қазақстанның ірі инвестициялық әрі экономикалық серіктесі деп атауға болады. Мұны Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Бүгінгі таңда еуропалық капиталдың үлесі бар, 3 мыңнан астам компания елімізде экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істеп келеді. Өңірде қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Еуропаның көптеген компаниялары біздің елде жұмыс істеуге ниет білдіріп жатыр. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Литва, Дания, Чехия елдерімен тиісті келісім жасалды.