Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз, яғни 16,75% деңгейінде қалдырды. Орталық қаржы ұйымы мұндай шешімге елдегі инфляциялық үдерістердің баяулауы нәтижесінде барып отыр. 2022 жылдың басынан бері алғаш рет жылдық инфляция 18,1%-ға төмендеді. Десе де мұның өзі жеткіліксіз. Себебі Президент жаңа Үкіметке инфляцияны биыл екі есеге төмендетуді тапсырған болатын. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша ел экономикасы 4,3%-ға нығайған. Ендігі мақсат–бұл өсімді сақтап қалу.
Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
- Ұлттық банктің басты міндеті - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ол үшін біз инфляцияны одан әрі төмендетуге және орта мерзімде нысаналы бағдарларға қол жеткізуге ықпал ететін дезинфляфиялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырамыз. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2023 жылдың 26 мамырында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады.