Елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттады
Ұлттық экономика министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге бағытталған 212 өтінімін бекітті. Нәтижесінде коммуналдық қызметтер орташа есеппен 10-нан 30%-ға дейін өсті. Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ол шамамен 3-4 мың теңгені құрайды. Яғни 2 бөлмелі пәтер үшін жылу орташа есеп 1620 теңгеге, ал электр 660 теңгеге көтерілді.
Су тарифінің өсімі - 200 теңге. Бұл тарифтер жаңа бағдарлама аясында бекітілген.
Айта кетейік, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы алдағы 7 жылда 62 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тартуды көздейді. «Бұл желілердің тозуын 20% төмендетуге мүмкіндік береді»,- дейді министр.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Бұл ретте халықтың осал топтары коммуналдық төлемдер үшін шығындардың бір бөлігіне өтемақы беру есебінен әкімдіктердің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі қызметіне сене алады.