ЕЭО елдерімен шекарада орналасқан өткізу пункттері жаңғыртылады
Қазір жөндеу жұмыстары 10 бекетте жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің өкілдері айтты. Жөндеу жұмыстарына байланысты Өзбекстан мен шекарадағы «Қапланбек» өткізу пункті толық жабылған. Ал өзге пункттерде көлік қозғалысы шектелді. Сондықтан кептеліс болуы мүмкін. Жаңғырту жұмыстары, келер жылдың соңында аяқталады. Нәтижесінде өткізу пункттерінің қабілеті 8 есе ұлғайып, құжаттарды рәсімдеу уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады.
Елдос Саудабаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің директоры:
- Өткізу пунктерін жаңғыртып болғаннан кейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылады. Олардың барлық инфрақұрылым мәселесі шешіледі. Шекарадан ыңғайлы өту және бақылауды жеделдетіп жүргізу үшін барлық жағдай жасалады.