Қазақстан Италияға экспортты арттыруға дайын
Қазақстан Италияға құны 900 млн доллардан асатын тауар өнімдерін экспорттауға дайын.
Мұны Премьер-Министр елімізге ресми сапармен келген Италия министрлер кеңесі төрағасының орынбасары-Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесу барысында айтты.
Италия еліміздің маңызды әрі ірі сауда серіктесі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 55% артып, шамамен 15 млрд долларға жеткен. Кездесу барысында Антонио Таяни Қазақстанмен сауда, энергетика және өнеркәсіп саласы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға атсалысатынын жеткізді.
Сондай-ақ екі елдің кәсіпорындары арасындағы «Іскерлік кеңес» құруға ниетті екенін айтты.