Мәжілісте жаңа республикалық бюджет жобасы сынға алынды
3,5 трлн теңге. Алдағы 3 жылда 1,5 млн қазақстандықтың табысын арттыруға осынша қаражат жұмсалуы мүмкін. Мәжілісте 2024-2026 жылдарға арналған жаңа республикалық бюджет жобасы қаралды. Құжатты қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы таныстырды. Оның сөзінше, шығындардың басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған. Жоба бірден депутаттар тарапынан үлкен сынға алынды. Себебі талқылау кезінде бюджет тапшылығы шамамен 3,6 трлн теңгені құрайтындығы белгілі болды. Барлық міндеттемелерді орындау үшін Үкімет бұл қаражатты Ұлттық қордан қарызға алуға мәжбүр.
«Салалар бойынша бөлуде де шикілік бар»,- дейді мәжілісмендер.
Болатбек Нажметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Үш қағида. Жауапкершілік, тиімділік және қойған межеге жеттің бе, жоқ па? Сол мәселелер тағы да алдығы істеп жатқан жұмыстар дұрыс келе жатса, соған қаржыны көбейтіп ары қарай оталдыра беру керек. Комиссияның алдағы отырысында осы мәселелер қайтадан көтеріледі.