Елде сыртқы сауда көлемі артты
Биыл Қазақстанның сырт елдермен сауда айналымы 47 млрд долларға жуықтады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өскен. Экспортталған шикізаттық емес тауарлардың арасында мыстан жасалған катодтар көш бастап тұр. Жалпы 13% жақын.
Ферроқорытпа мен уранның экспорты 10% шамасында. Біздегі барлық өнімдер Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерландыға кетіп жатыр. Сыртқы сауда көлемін одан әрі ұлғайту үшін 2026 жылға дейін 5 трансшекаралық сауда хабы құрылмақ.
Қайрат Төребаев, ҚР Cауда және интеграция вице-министрі:
- Экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдаудың шараларын ұсыну жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 100 астам компания халықаралық көшпелі сауда іс-шараларына қатысты. Нәтижесінде 500 млн доллардан астам сомаға экспорттық жаңа келісімшарттар жасалады.