Отандық нарықта жүгері арзандап кетті
Былтыр Жетісу облысында аталған дақылдың әр келісі 120 теңгеден қабылданса, биыл бағасы екі есеге дейін төмендеген. Өңірдегі 57 мың гектар алқапқа жүгері себілді. Қазір дихандар жиын терін жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орташа түсім әр гектарынан - 60-70 центнерден. Қара күзге дейін 374 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Нарықтағы баға шаруалардың көңілінен шықпағандықтан, «табыссыз қаламыз ба»,- деп алаңдаулы.
Жәнібек Оханов, шаруашылық жетекшісі:
-Былтыр 120 теңгеден сатылған болса, 15 влажностьті 85 теңгеден қойып отыр. Қазір онда 15 влажностьті алқаптан алу мүмкін емес. Сол себепті үкімет тарапынан көмек көрсетіп, шаруаларға көмек жасамаса, бағаны реттеп, жағдай жасамаса келесі жылға шаруалар ойлана бастайды. Еге ме, екпей ме?
Бақтияр Шампиков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Қазір бізде келіссөздер жүргізілуде. Мына экспортқа шығаруға мүмкіндікті қараастырып жатырмыз. Олар Орталық Азия елдеріне, Афганистан, Пакистанға шығару мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Енді олар логистика жағынан, маржа жағынан есептерін жүргізіп жатыр.