Мәжілісте жаңа бюджет кодексі талқыланды
Жазда жасалатын құрылысқа күзде ақша бөлу. Енді мұндайға жол берілмейді.
Жаңа бюждет кодексінде қағазбастылық екі есе қысқартылған. Мәжіліс депутаттары оны бірінші оқылымда талқылады. Жаңа редакцияда мектеп, баспана тұрғызу сияқты өңірлік даму бағдарламаларын бірден үшжылдық етіп бекіту көзделген. Қазіргідей жобаны жыл сайын қарастыру мен келісулер алып тасталады. Себебі осындай шаралардың кесірінен құрылыстар ұзаққа созылып, ақша игерілмей қалады екен.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
– Парламенттік талқылаудың, депутаттық сауалдың мазмұны мен деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Осылайша бәріміз жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға атсалыстық. Биыл депутаттар Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласын іске асыруға белсенді түрде үлес қосты.