Италия Қазақстанға не береді?
Қазақтар Италияндықтардан қан алып жүр. Қазақтар Италияндықтардан қан алып жүр. Дәлірек айтсақ, 2023 жылы шамамен 23 млн долларға адамның және жануарлардың қанын импорттаған екенбіз.
Жалпы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға келсек, Аппенин түбегіндегі ағайын бізден энергокөздер, яғни мұнай және мазут, сондай-ақ астық пен басқа шикізаттық өнімдерді импорттайды. Қазақстанға қаннан бөлек дәрі-дәрмек пен өнеркісіптік құрылғыларды сатады.
Сандарға салсақ былай. 2023 жылдың 11 айындағы көрсеткіш бойынша екі ел арасындағы жалпы сауда айналымы 14,5 млрд долларды құрады. Оның негізгі бөлігі – Қазақстанның экспорты (13,4 млрд доллар). Оның 97% шикі мұнай болса, қалғаны – ферроқорытпа, алюминий. Италиядан 1 млрд доллардан сәл асатын сомада өнімдер импортталған. Ол негізінен ауыл шаруашылығы техникалары, құбыр, вакцина, дәрі-дәрмек, зергерлік бұйымдар мен азық-түлік өнімдері және киім.
Сарапшылар Италия қарт құрлықтың өзге де елдері сияқты Қазақстан мен Орталық Азия елдерін стратегиялық серіктес тұтады деп отыр. Айтуларынша, біздің Үкімет италияндықтардың Орталық Азияға деген ілтипатын пайдаланып, қосылған құны жоғары тауарлы экспортты жолға қоюға күш салмақ.
Жанат Момынқұлов, халықаралық қатынастар бойынша шолушы:
– Энергетикалық емес тауарларды, яғни мұнайдан бөлек салаларды дамыту қазір приоритет болып отыр. Шамамен 900 млн долларға дейін Қазақстан Италияға тауар жеткізе алатынын айтты былтыр. Мысалы, жаңа энергетика көздері, сирек металлдар, логистикалық жобалар, ортақ кәсіпорындар