Хабар телеарнасы

Елімізде ақшасын доллармен сақтайтындар азайған

Елімізде инфляция төмендеп, ақшасын доллармен сақтайтындар азайған. Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, Ұлттық қордағы активтер 4,3 миллиард долларға өсіп, 60 миллиард долларға жетті. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көлемі 3,2 триллион теңгеге ұлғайып, 17,8 триллион теңге болған. Зейнетақы активтерінің табысы инфляция деңгейінен асып, 10,1% жетіпті. Жиын қорытындысы бойынша Президент Ұлттық қаржы нарығы жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін арттыруға және инфрақұрылым құруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.