Хабар телеарнасы

Қазақстан Қытайға ет экспорттауды қайта жандандырды

Өйткені осыдан екі жыл бұрын қойылған уақытша шектеулер алынып тасталды.

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірі еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен көрші елге 20 тонна сиыр етін жөнелтті. Бұл өндіріс орны мал бордақылап, мүйізді ірі қара мен ұсақ мал етін консервілейді. 1 мыңнан астам малы бар ферманың бордақылау алаңында бір мезгілде 3 мың бас ірі қара ұстауға болады. Кәсіпорын 57 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір екі ел мал терісін экспорттауға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бақытжан Әбдірасылов, кәсіпорынның құрылтайшысы:

- 2022 жылдан бастап Қазақстанда аусыл шыққандықтан, аусыл ауруына байланысты «Халықаралық мал аурулары ұйымы» Қазақстанның жаңағы статусын қызылға, экспортқа шыға алмайтын деп өзгерткен еді. Осы ағымдағы жылы сол статусты қайтадан аусылдан таза аймақ ретінде белгілеп, Қытайға ет шығару мүмкіндігі туды. ҚХР-дағы клиенттеріміз де осында.