Қазақстанда өндіріс көлемі 5% өсті
Елімізде бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кешендерін құруға басымдық беріліп отыр. Жыл басынан бері отандық өндіріс көлемі 5%-ке артты. Әсіресе жиһаз, химия өнеркәсібі, металлургия мен машина жасау салаларында оң өзгеріс байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 6,5% артқан. Оның ішінде негізгі тауарлар – өндірістік сорғы, кабель, тіркеме мен арматура. Ал импорт 7% азайды. Енді отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі жасақталады.
Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
- Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың жалпы құны 1,3 трлн теңге. Осы жобалар аясында 15 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 56 жоба іске асырылды. Қалғандары аяқталуға жақын. Елде бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кешендерін құруға басымдық беріліп жатыр.