«Жасыл» экономика жобалары 3 млн теңгелік грантқа ие болды
«Жасыл» экономика жобалары 3 миллион теңгелік грантқа ие болды.
Қайтарымсыз қаражатты Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымына қарасты жаһандық экология қоры беріп отыр. Жүздеген жобаның ішінен іріктелген 5 қазақстандық стартап бүгін осындай қолдауға ие болды. Олар суды тазарту, компьютер қалдықтарынан сирек металдарды алу, ескі киімдерді қайта өңдеу, мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді кәдеге жарату және мұнай қалдықтарынан бетон өндіру жобалары.
Жеңімпаздар келесі жылы Түркияда және Бразилияда өтетін халықаралық іс-шараға қатысады. Осылайша үздік жобалар жыл сайын іріктеліп отырады.
Дидар Қарымсақов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» басқарма төрағасы:
- Бүгін біз Demo Day өткіземіз. Сонда үлкен өнеркәсіптер, үлкен бизнесмендер келіп, өздеріне қандай технология керек екенін айта алады. Соған байланысты мысалы, келесі жылы соған дайындап, стартап тауып бере аламыз.