Хабар телеарнасы

Мемлекет фермерлерге 190 миллиард теңге қарыз

Былтыр шаруаларға қолжетімді несиелердің болмауына байланысты олар сапалы тұқым мен минералды тыңайтқыштарды екінші деңгейлі банкттерден қарызға қаржы алып, сатып алған.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты. Тіпті көптеген фермерлер әлі де ескірген техникамен жұмыс істеуге мәжбүр. Биыл мәселе түбегейлі шешіліп кетпесе де, оларға бөлінетін қаржы көлемі ұлғады.

Мәселен, жыл басында мемлекеттік бюджеттен «Кең дала-1» бағдарламасына 140 млрд теңге бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін техниканы жаңартуға 200 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталуда. Ал «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын қайта іске асыруға 120 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Жаңадан қаржыландыруды көбейтіп жатырмыз. 580 миллиардтан 700 миллиардқа дейін жеткізу жоспарымызда бар. Шын айтуы керек, қарыз өте көп. Бұл қарызды кезең-кезеңімен өтеуді негізі былтыр жоспарлағанбыз. Бірақ мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне қарай өткен жылы өтей алмадық. Биылғы жылдан бастап осы қарызды өтеу ең басты мақсат.