Хабар

Семейде 100 орындық емхана салынады

Семей қаласында 100 орындық емхана салынады. Үкімет әлеуметтік нысанның құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді. Оны салуға 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданған. Бұл Президенттің заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы тапсырмасының арқасында іске асып отыр. Сонымен қатар осындай қаражат есебінен Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Төлеухан Нұрмағамбетов, еңбек ардагері:

-Қазір 2 корпус жұмыс істеп тұр. Екеуіне 400-450 пациент қарала алады. Оған мүмкіндік бар. Жаңа салынатын орталық толықтай жабдықталады. Азаматтардың ем алуына барынша жағдай жасалады.