Хабар телеарнасы

Қызылордада биыл жаңа ЖЭО іске қосылады

Қызылордада биыл жаңа жылу электр орталығы іске қосылады. Мұны Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Жоба аймақтағы электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге сеп болады. Қуаттылығы 240 мегаватт орталық биыл іске қосылады деп жоспарланған. Сондай-ақ аймақта бірқатар өндіріс орны ашылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Қорқыт ата» әуежайында үш ай бұрын пайдалануға берілген терминалдың жұмысымен де танысты. Одан кейін, «Жолаушылар вагонын жөндеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауыты» жобасының жүзеге асу барысын көрді. Роман Скляр «Өндіріс» индустриялық аймағында бой көтеріп жатқан кірпіш зауытына да барды. Мұнда жылына 90 миллион кірпіш шығарылады. 

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Қызылордада шағын өнеркәсіп аймақтарын құру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Бұл халықты жұмыспен қамту мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін жақсы инфрақұрылымдық қолдау болады. Облыстың қолда бар әлеуеті өте маңызды. Сондықтан өсу динамикасын сақтау қажет