«Салтанат Нұры»: Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы цифрлық жобаның ресми серіктесі болды

  • 18
  • 27.06.2025, 13:00

«Салтанат Нұры» бүкіл ел бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы деректерді нақты уақытта жинап тіркейтін, талдайтын және көрсететін әлемдегі алғашқы цифрлық жоба болып табылады. «Салтанат Нұры» - GForce Grey креативті агенттігінің қолдауымен Қазақстанда іске асырылған Citix технологиялық компаниясының әлеуметтік бастамасы. Жақында жобаға Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы қосылып, оның ресми серіктесі атанды.

Зорлық-зомбылықтың жаңа оқиғасы орын алған сайын бүкіл ел бойынша визуалды дабыл белгісі жанады: Алматыда «Салтанат» неондық жазуы жанып-өше бастайды, сол сәтте Қазақстан бойынша Citix-тің 100-ден астам цифрлық экрандарында нақты уақытта статистика жаңартылып отырады. Сондай-ақ @Saltanat_Light_Bot телеграм-боты да жүзеге асырылған, ол анонимді өтініштерді қабылдап, қолдау қызметтеріне жібереді.  

Әзірлеушілер атап өткендей, бір жыл бұрын Қазақстанда «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер туралы» заң күшіне енді. Халық оны «Салтанат заңы» деп атады. Содан бері ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өтініштердің саны 22% - ға азайғанын атап өтті. Сондай-ақ ауыр қылмыстар санымен: тұрмыс саласындағы кісі өлтіру 6,7%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайлары 12%-ға, орташа - 67%-ға азайды.

Дегенмен, бұл оңды болып көрінетін статистика мәселенің толық тереңдігін көрсетпейді. Көптеген жағдайлар көрінбей қалады: олар ресми есептерге кірмейді, сотқа дейін жетпейді. Сондықтан осы жылдың сәуір айында ақылды қала гаджеттерін жасайтын Citix технологиялық компаниясы «Салтанат Нұры» бастамасын бастады.

«Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою «БҰҰ-әйелдер» Құрылымының жұмысындағы стратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады. «Салтанат Нұры» бастамасына қосыла отырып, ол қазақстандықтардың гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардар болуын арттыруға, зардап шеккендерді қолдауға, сондай-ақ қоғамның зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті дамытуға көмектеседі деп күтеміз. Біз Citrix компаниясымен 2023 жылдан бастап ынтымақтасып келеміз және осы уақыт ішінде бірқатар маңызды бірлескен бастамаларды жүзеге асырдық. Citix компаниясы Қазақстанның жеке секторындағы алғашқы компаниялардың бірі болып табылады, ол бизнестің гендерлік теңдікті ілгерілетуге және еліміздегі әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуге де елеулі үлес қоса алатынын өз үлгісімен көрсетеді», - — деп атап өтті «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект бүкіл Қазақстан бойынша жаңалықтар ақпарын, әлеуметтік желілердегі жазбаларды, дағдарыс орталықтарына иесіздендірілген жүгінулерді және @Saltanat_Light_Bot телеграм-боты мен Citix жаяу жүргіншілер смартбордтары арқылы жиналған анонимді оқиғаларды өңдейді. Жүйе барлық ақпаратты тексеріп, деректерді Citrix AdTech платформасына жібереді. Бұл жазбаның жанып-өшуін белсендіреді және «Салтанат Нұры» виджетін жаңартады. Смартборттар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тағы бір оқиғасы орын алғаны туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көрсетеді.

Телеграм-бот

Тұрмыстық зорлық- зомбылыққа тап болған әрбір адам өзін жалғыз емес екенін және заң олардың жағында екенін сезінуі үшін жоба аясында @Saltanat_Light_Bot телеграм-боты құрылды. Ол жобада басты рөл атқарады. Чат-боттың міндеті - нақты, түсінікті және дәлелденген нұсқаулар беру: қайда жүгіну керек, қалай әрекет ету керек, заңнама қандай қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар, бот зорлық-зомбылық нысандары мен белгілері туралы ақпаратты қамтиды, соның ішінде әрқашан айқын бола бермейтіндер де бар.

Citix технология проблеманы көруге ғана емес, оны шешудің жолын табуға көмектесуі керек екенін атап өтеді. Сондықтан ботқа кіру қарапайым және анонимді: ол тәулік бойы жұмыс істейді және қауіпсіздік пен қолдаудың алғашқы қадамы бола алады.

2025 жылдың 7 сәуірінде жоба іске қосылғаннан бері «Салтанат» жазуы кезекті тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы орын алғаны туралы 1696 рет белгі берді. Citix үшін әрбір тіркелген жағдай - көмекке мұқтаж адамның жанайқайы екенін еске салу әрекеті. Сонымен қатар, әзірлеушілер «Салтанат Нұры» көмек жақын екенін еске салатын үміт пен қолдаудың нұрына айналады деп үміттенеді.