Елорда қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

  • 108
  • 25.02.2026, 21:48

Енді елорданың тыныс-тіршілігі жасанды интеллект арқылы басқарылады. Астана қаласының инфрақұрылымына нейрожелі енгізуге 93 миллиард теңге жұмсалмақ. 2031 жылға қарай қолданыла бастайтын жүйе «Сергекті» алмастырады. 

Бұл туралы қазақстандық Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының өкілдері мәлімдеді. Жасанды интеллект елорданың қауіпсіздігін бақылап, деректерді өзі сараптайды. Қандай да бір қауіп туындаса, оны дереу анықтайды. Осылайша, көшедегі қозғалыс та, қоғамдық тәртіп те бір орталықтан басқарылады. Бұдан бөлек, елордада кәсіпорындардың көбеюіне байланысты екінші индустриялық парк ашылады.

Айта кетерлігі, бұл жоба толықтай жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Аслан Қалиғазин, «Қазақстандық Мемлекеттік-декеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Жеке компания индустриялық паркті толық дайын күйінде береді. Яғни олар нысанды су мен газға қосып, электр желілерін жүргізіп, жол салады. Оған қоса бейнебақылау камераларын орнатып, өзге де инженерлік желілерді тартады. Мемлекеттік және инвестор арасындағы келісім 2034 жылға дейін созылады.