Елордада «SARAP» эксперттік клубының өкілдері мен әлеуметтанушылар да Ата Заңдағы өзгерісті талқылады. Жиында адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік кепілдіктерді нақтылау және заң үстемдігін нығайту мәселелері сөз болды. Сарапшылар жаңа баптардың мазмұнын қарапайым тілмен түсіндіріп, референдумның стратегиялық маңызын айқындады. Айтуларынша, ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық жүйені жаңғыртып, әлеуметтік мемлекет қағидатын бекемдей түседі
Алма Шайқымбайқызы, әлеуметтанушы:
- Талқыланып жатқан негізгі мәселе – бұл 32-баптағы денсаулық сақтау мен 33-баптағы орта білім беру жүйесіндегі тегін емес, мемлекеттің қаржыландыруымен деген бағытта өзгеруі, иә? Бұл бір шетінен осы бағытқа жұмсалатын бюджетті қадағалау формасына да кепілдік береді. Болашақта Конституция қабылданатын болса, басқа заңнамалық актілер де осы бағытта өзгертілуі мүмкін.