«Жаңа Ата Заң жобасы Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның негізін қалайды», - дейді Қарағандыдағы Евней Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университетінің мамандары. Жаңа Конституция елдің дамуына, демократиялық құндылықтарды нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға оң серпін беретінін атап өтті.
Ғалымдар, ұстаздар мен студенттер жиналған іс-шарада референдумның маңызы түсіндірілді.
Бектас Жұман, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ҰЗУ студенттер үйінің директоры:
- Еліміздің өркендеуі үшін, ары қарай дамуы үшін үлкен реформалардың бірі деп білемін. Оның ішіндегі кіріспесінде көрсетілгендей мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялар бұл болашаққа бастайтын негізгі бағыттардың бірі деп көрсетілген. Бұл дегеніміз жастардың шынайы сұранысына берілген негізгі жауап деп білемін. Бірпалаталы Парламент, Құрылтай мәселесі, Халық Кеңесі, вице-президент институты – бұның барлығы еліміздің ары қарай дұрыс дамуына зор ықпал етеді деген сенімдемін.