Арулар күштік құрылымда абыроймен қызмет атқарып жүр

  • 11
  • 05.03.2026, 21:41

Олар ана, олар сүйікті жар, әпке енді бірімізге қарындас. Сондай-ақ олар сан-саланы меңгерген кәсіби маман. Кейбірі кайсарлық, батырлық пен төзімділіктің символы. Ерлермен тең дәрежеде қызмет атқарып жүрген күштік құрылымдағы қыз-келіншектерді дәріптемекпіз. Кейіпкерлеріміздің бірі кинология бөлімінің жетекшісі. Ал келесісі арнайы жасақтың бетке ұстар жауынгері.

Кейіпкеріміз Мөлдір Атанай одан кейінгі жылдары да түрлі спортты меңгеріп, үздік нәтиже көрсете білген. Төзімзді, бастаған ісін нақты нәтижемен аяқтайтын мінезді қыз бой жеткен соң еңбек жолын күштік құрылыммен байланыстырады. Биыл осы салада жүргеніне 15 жыл болыпты. Қазір бас қалада еңбек етеді.

Мөлдір Атанай, қалалық полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы:

- Бұл мамандықта атыс даярлығы болуы керек. Физикалық тұрғыда да, ең бастысы психикалық тұрғыда дайын болу қажет. Айына екі рет полигонға барамыз. Сонымен қатар спускавойдан өтеміз. Жүзумен де күнделікті айналысамыз.

Жауынгер қыздарымыз мықты дайындықтан өткендігін Дубайдағы «SWAT Challenge» халықаралық сайысында дәлелді. Біздің аруларымыз мергендік, жылдамдық, білек күші бойынша да ерлермен тең өнер көрсетті. Тіпті кей тапсырмаларды олардан артық орындап, 109 команданың ішінде үздік жиырмалыққа енді. Мөлдір Атанай сол «Томирис» командасының мүшесі. 

Мөлдір Атанай, «Томирис» командасының мүшесі:

- Бұл халықаралық жарыс. Ол үлкен мүмкіндік пен жауапкершілік болды. Бұл әр мемлекеттің бас сынағы. Біздер қыздар арасында сынаққа түскен жоқпыз. Ер азаматтармен иықтасып, олардың алдында да болдық.

Құтқарушы иттерді дайындайтын маман

Ал келесі кейіпкеріміз Галина Куценко болса, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жанындағы кинология бөліміне жетекшілік етеді. Ол жастайынан иттерді үйретуге құмар болған. Кейін осы әуестігі оны кинолог мамандығын таңдауға жетеледі.

Галина Куценко, Павлодар облысы ТЖД Кинология бөлімінің жетекшісі:

- Ит – адамның ең жақын досы әрі әрдайым сенімді серігі. Ең бастысы, оны дұрыс тәрбиелей білу керек. Менің ойымша, бұл салада «ер адамның кәсібі» немесе «әйел адамның кәсібі» деген түсінік болмауы керек. Ең маңыздысы – өз ісіңді жүрек қалауымен атқару. Мен үшін қоғамға да, өзіме де пайда әкелетін сүйікті ісіммен айналысу – ең үлкен құндылық.

Бүгінде оның баптаған иттері күрделі тапсырмаларды мінсіз орындап жүр. Мәселен, бірі Баянауыл ауданында жоғалып кеткен баланы іздеп тапса, тағы бірі үйінді астында қалған құрылысшының жатқан жерін дәл көрсетіпті.

Ердәулет Ыбырайұлы, Мұхаметәлі Тілдебаев