Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді. Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады. Бұл бастама отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға ықпал етпек. Сондай-ақ неке және отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Конституцияға тайға таңба басқандай етіп арнайы жаздық. Болашақта отбасын құру 2 адам арасында ғана емес, ол нақты әйел мен еркектің арасындағы одақ құру. Өз еркіңмен, яғни бұл жерде мәжбүрлеу болмайды.