Олар инспекция берген нұсқамаларды орындамаса, алқаптар сот арқылы мемлекетке қайтарылады. Облыста 2022 жылдан бері 2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекетке өткен. Ол телімдер ең алдымен ауыл тұрғындарының пайдалануына беріледі. Ашық конкурс арқылы фермерлерге де ұсынылады.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
-Нұра ауданында былтыр игерілмей бос жатқан 22 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал биыл тағы 15 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Бұл жайылымдық, шабындық және егістік алқаптарды жаңадан кәсіп ашсам, ауыл шаруашылығымен айналыссам деген адамдарға конкурс арқылы беріп жатыр.
Қайтарылған жерді конкурс арқылы жеңіп алғандардың бірі – Алексей Ермоленко. Фермер бұған дейін 400 гектар жерге дәнді-дақылдар егіп келсе, қазір алқапты айтарлықтай кеңейткен.
Алексей Ермоленко, фермер:
- Біз конкурс арқылы 260 гектар жер алдық. Ол алқапқа жоғары сұрыпты бидай егеміз. Жайлап шаруашылығымыз дамып келеді. Аздап мал өсіреміз. Жайлымдық, шабындық жеріміз жеткілікті.
Нұра ауданында ауыл шаруашылығына жарамды 4 миллионға жуық гектар жер бар. Қазір шаруалар 2 миллион 400 мың гектарын пайдаланылып отыр. Шабындық, жайылымдық және егістік алқаптарды дұрыс игермей, бос ұстап отырғандар әкімшілік жазаға тартылады. Биыл 9 жер пайдаланушыға айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы соммасы – 519 мың теңге.
Қамбар Қыдырбаев, Нұра ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы:
-Оларды жер инспекторы келіп, тексерістен өткізді. Оларға айыппұл салынды. Қазір олардың жерлерін мемлекеттік кірістер басқармасына, яғни жер салығын 40 есе өсіру бойынша жолданады. Қазір ол жерлер бойынша тсүіндіру жүргізіліп жатыр. Немесе олар жаңағы нұсқаманы орындайды жер инспекторы тапсырып кеткен, немесе сот арқылы біз мәжбүрлеп тартып аламыз.
Ал жерді конкурс арқылы жаңадан алғандарға бастапқы 5 жылда арнайы тексеріс жүреді. Пайдалану бағытына қарай ол алқаптарда тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Қарағанды облысында 2022 жылдан бері жерді дұрыс игермегендерден 1 миллион 999 мың гектар мемлекетке қайтарылып, 1 млн 892 мың гектары қайта айналымға жіберілген. Қалғаны маусым айының соңына дейін игеріледі. Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметінше, ол алқаптар Абай, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы, Шет аудандарына тиесілі.
Авторы: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит