Елордада тау-кен саласы бойынша 30 елдің басын қосқан халықаралық форум басталды. Қазақстан минералдық ресурстарды тиімді игеруге, өңдеу деңгейін арттыруға және инвестиция тартуға ниетті. Жиында озық технологияны таныстыру мен ұзақ мерзімді инвестициялық әріптестік орнатуға басымдық берілуде.
Сарапшылардың айтуынша, цифрландыру мен лицензиялау жүйесін жетілдіру елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтеді. Осылайша, Қазақстан индустриялық өсім мен тұрақты дамуға бағытталған жаңа кезеңге қадам басуда.
Түлеген Мұқанов, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» атқарушы директорының кеңесшісі:
- Конгресстің аясында қанша компаниялар көрмеде тұр. Өз технологияларын көрсетіп отыр. Тау-кен саласындағы техниканы біз шығармаймыз. Біздің барлық техникамыз шетелдікі. Швеция, Жапония, Америка және Қытай деген сияқты. Мен жаңа бір компанияларды көрдім. Басын бастап жатыр. Қарағандыда үлкен техникаға керекті қосалқы бөлшектерді шығара бастады. Реновация деген сияқты.