Елордада Жеңіс күніне орай дәстүрлі спорттық жарыс жалауын желбіретпек

  • 10
  • 29.04.2026, 21:43

Ширек ғасыр бойы үзілмей келе жатқан бұл марафон биыл да ересектер мен жасөспірімдердің басын қосады. Шараның басты мақсаты  өскелең ұрпақты табандылыққа баулып, салауатты өмір салтын дәріптеу. Жарыста қауіпсіздікті жол-патрульдік қызметі мен медицина мамандары жіті қадағалайды.  

Тұрсынбек Оспанбеков, ұйымдастырушы:         

- Биылғы жарысқа арнайы іріктеуден өткен 7 ересек пен 10 мектеп оқушысы қатысады. Жас ерекшелігі 8 бен 40 жас аралығын қамтиды. Біз жалпы 80 шақырымды бағындыруды жоспарлап отырмыз. Бастапқы топтағы 4 спортшы алға шығып, кейін өзгелері межеге ұмтылады. Негізгі мақсатымыз рекорд орнату емес, Жеңіс рухын сезіну және орташа қарқынмен қашықтықты еңсеру.