Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасының дайындық барысын тексерді

  • 5
  • 25.05.2026, 19:34

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының дайындық барысын тексерді.

Екібастұздағы құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстар аяқталып, инженерлік зерттеу қолға алынған. Қазіргі таңда болашақ модульдік блоктарға арналған шұңқырлар әзірленуде. Арнайы техника мен мамандар жұмылдырылған.

Сондай-ақ кеңесте электр энергетикасы, деректерді сақтау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Үкімет басшысы жауапты органдарға жұмысты жеделдетіп, бір ай ішінде нақты нәтижелер ұсынуды тапсырды.