Алматы облысында 32,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

  • 9
  • 25.05.2026, 19:35

Үкімет жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады.

Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағынан бой көтеретін кәсіпорында 20 түрлі дәрі-дәрмек шығарылмақ. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорын 2031 жылы іске қосылып, 2032 жылы жобалық қуатына шығуға тиіс. Шамамен 60 жұмыс орны ашылады. Жобаны жүзеге асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Аталған жобаны санағанда, қазіргі таңда 8 ірі фармецевтикалық жоба жүзеге асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі 391 млрд теңгеден асады. Бұл жүздеген дәрі түрін шығаруға және мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Басты мақсат – еліміздің отандық жоғары сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, оларды әрбір азамат үшін қолжетімді ету.