Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Астанада электр энергиясының бағасы қымбаттауы мүмкін

  • 512
  • 25.05.2026, 19:36

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінде өткен қоғамдық тыңдауда «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясының» басқарма төрағасы Руслан Абжанов айтты. Ол тарифті 35 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Яғни өсім 12,5 пайызға болуы мүмкін. Егер бастама қолдау тапса, 5-ші маусымнан бастап жаңа тариф енгізіледі.

Электр энергиясын сатып алу мен тасымалдау бағасының қымбаттауы, KEGOC шығындарының артуы, Астанада жаңа тұрғын үйлер мен нысандар көбеюі – энергия құнына әсер етіп отыр. Тұрғындар үшін өсім «әлеуметтік сараланған» түрде  жүргізіледі.