Жаңа Конституция Брайль қарпімен жарық көрді

  • 63
  • 01.07.2026, 19:43

Ресми тұсаукесері Ұлттық кітапханада өтті. Енді зағип және көру қабілеті нашар жандар жаңа Ата Заңның мәтінімен толық таныса алады. 

Қазақстан Конституциясы Брайль қарпімен жазылған санаулы елдердің қатарында. Яғни зағип жандар тактильді тәсілмен оқи алады. Көру қабілеті шектеулі адамдар үшін Конституцияны қолжетімді ету олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына, құқықтарын білуіне мүмкіндік береді. Басылым азаматтарға арнайы қызмет көрсететін аймақтық мекемелер мен мамандандырылған кітапханаларға тапсырылады. 

Болатхан Сыздықов, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың бөлім басшысы:

- Республика бойынша 200 дана Конституция кітапханаларға арнайы, сондай-ақ мектептерге және зағип балалар оқитын мектептерге таратылады. Екі жүз дананы соңғы бір айдың көлемінде басып шықтық. Көбейте беру қиындық тудырмайды. Егер техника жақсы істеп тұрса, онда ешқандай қиындық болмайды. Бізге ең қиыны – мәтінді түзетіп алу. Ал қалғаны, яғни таралымды көбейту, онша қиын емес.