Шымкентте астық қамбаға құйылды

  • 4
  • 07.09.2026, 18:38

Шымкентте астық жинау науқаны сәтті аяқталды. Биыл егістік үшін ауа райы қолайлы болып, бидай мен арпаның әр гектарынан орта есеппен 15 центнерден өнім жиналды. Ал майлы дақылдар 11 центнерден бастырылды. Жалпы 19 мың гектардан астам жер игеріліп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда өнімділік көрсеткішінің артқаны байқалып отыр.

Сонымен қатар көктемгі егіс пен жинау жұмыстарына жеңілдетілген бағамен барлығы 312 тонна дизель отыны бөлінді. Сала мамандары келесі маусым үшін тұқым қорын жинақтап, күздік дақылдарға жер дайындау жұмыстарына кіріскен. Жиналған астықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өнімді қоймаларда сақтау және өңдеу жұмыстары да қатар атқарылып жатыр.

Сағдат Маханов, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- 2026-2027 жылға мал қыстату науқанына 315 мың тонна мал азықтық дақылдарын жинайды. Оның ішінде құрама жем, силос, шөп, комбикорм деген сияқты. Ағымдағы жылы 80% астам мал азығы жиналып қойды. Жыл соңына дейін тағы да қосымша жиналады.