Зейнетақы жинағын басқару тәртібі өзгерді

  • 2
  • 07.09.2026, 18:48

Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын өздері басқара алады.

7-ші қыркүйектен бастап жаңа Әлеуметтік Кодекс күшіне енді. Соған сәйкес, салымшылар шотындағы жинақтарын 100 пайызға дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға бере алады. Сонымен қатар азаматтар қаражатының көлемін өздері анықтап, бір немесе бірнеше компания таңдай алады. Портфельдер тәуекел деңгейіне қарай консервативті, байсалды және тәуекелді болып бөлінеді.

Мамандардың мәліметінше, бұл өзгерістер азаматтардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға белсендірек қатысуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазір елімізде 12 миллионнан астам салымшы бар.