Ауқатты отбасыларға жәрдемақы берілмейді

  • 2
  • 16.10.2026, 18:45

Бұдан былай Ferrari, Rolls-Royce көліктері мен зәулім үйі барлар жәрдемақы алмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 36 түрлі жәрдемақының 14 түріне мұқтаждық критерийі енгізіледі. Атап айтқанда, жан басына шаққандағы табыс, жылжымайтын мүлік, бизнес активтері мен қымбат автокөліктер ескеріледі.

Асқарбек Ертаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Енді отбасының әл-ауқат деңгейіне қарамастан жекелеген әлеуметтік кепілдіктер саны сақталады. Олардың қатарында мүгедектігі бар балалар, 1 және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, тұл жетімдерге, сондай-ақ зейнеткерлер мен көпбалалы, наградалармен марапатталған аналарға арналған жәрдемақылар сақталады.