Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстандағы ЖИ әлемдік БАҚ назарында

  • 4
  • 03.11.2026, 18:15

Қазақстанның цифрлық экономикаға көшуі, жасанды интеллект саласындағы амбициясы мен халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастығы шетелдік басылымдардың назарын аударды. Әлемдік медиа елдің энергетикалық ресурстарын жоғары технологиялық өндіріске айналдыру мүмкіндігін талқылап жатыр.

Америкалық CNBC арнасының хабарлауынша, NVIDIA компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг Астанадағы кездесу барысында Қазақстанды болашақ есептеу орталығы әрі жасанды интеллект фабрикасына айналуы мүмкін ел ретінде бағалаған. Ал компанияның ресми блогында Қазақстанның энергетикалық әлеуетін жай ғана экспорттаудан гөрі оны зияткерлік өнім мен технологиялық қызметке айналдыру мүмкіндігіне назар аударылған. Бұл бағыттағы ірі жобалардың бірі – Екібастұздағы Data Center Valley.

VIDIA-ның мәліметінше, Firebird компаниясы жобаның алғашқы кезеңіне арналған 45 мың Grace Blackwell графикалық үдеткішін жеткізуге АҚШ-тың экспорттық лицензиясын алған. Коммерциялық іске қосу 2027 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Euronews басылымы Қазақстанның жасанды интеллектіні тек цифрлық сервистерде емес, өнеркәсіп, энергетика және өндіріс салаларында қолдануға бағытталған ұмтылысын атап өтті. Басылымның пікірінше, технологиялық серпілістің басты шарты – жасанды интеллектіні нақты экономикалық үдеріске енгізу және білікті мамандар даярлау. Ал Al Jazeera елдің өңірлік AI орталығына айналу мүмкіндігін талдай отырып, электр энергиясының тапшылығы, деректер орталықтарының су мен энергия тұтынуы, сондай-ақ жеке деректерді қорғау мәселелеріне назар аударады.

Reuters агенттігі қазақстандық инженерлік әлеуетпен байланысты Higgsfield стартапының 5,4 миллиард долларлық бағалауға жеткенін хабарлады. Бұл генеративті жасанды интеллект нарығына халықаралық инвесторлардың қызығушылығы артып отырғанын көрсетеді.

Арайлым Жақсылыққызы