Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Елде электр энергиясының тапшылығы азаюы мүмкін

  • 0
  • 05.11.2026, 18:17

Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағы желісін күшейту жобасы іске асады. Бұл Алматы – Жамбыл – Шымкент транзитінің өткізу қабілетін 440 МВт-қа арттырмақ. Ал батыс өңірдің энергожүйесін біріктіру ісі екі кезеңмен жүреді. Сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарының электр желілерін дамыту көзделіп отыр.

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің саладағы өзекті мәселелер бойынша өткізген кеңес барысында айтылды. Онда «Самұрық-Қазына» қорының жобалары және елдің энергетикалық егемендігін нығайту жөніндегі шаралар қаралды. Жиында Мемлекет басшысының сын-ескертпелеріне орай жұмысты күшейту жоспарлары да баяндалды.

Энергетика министрлігіне бірқатар тапсырма берілді.

Нәби Айтжанов, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы:

– Болжамдарға сәйкес, 2028 жылы дифицит тапшылығы азайып, профицитке шығуымыз мүмкін. 2029 жылы артық энергия қуаты шамамен 2,8 ГВт, ал 2035 жылы 5 ГВт-қа жетеді деп күтілуде.