Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын транзиттік хабқа айналады

  • 3
  • 06.11.2026, 18:08

Жол сапасы мен транзиттік әлеуетті арттыру – Жолдауда айтылған басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы автомобиль жолдарының 95 пайызын талапқа сай ету міндетін қойды. Бұл Қазақстанның көлік-логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған қадам. Қазір ел аумағы арқылы 12 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бесеуі теміржол, жетеуі автожол.

Үкіметтің дерегінше, 2025 жылы 13 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Инфрақұрылымды жаңғырту Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалын дамытуға мүмкіндік береді.

Абдулла Исматуллаев, ҚР Халық кеңесінің мүшесі:

– Қазақстанды транзиттік хаб хәліне келтіруіміз керек. Еуропа мен Азияның ортасындағы логистика бойынша хаб болуымыз керек, – деген өте жақсы жаңалықтар айтылып жатыр. Халқымыз үшін де, экономика үшін де өте жақсы перспективалар болып отқанын көрсетеді.