Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындысы белгілі болды.
Мемлекет басшысы құрған комиссия қорғаныс ведомствосының 104 нысанын тексерді. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу жалғасып жатыр. Комиссия жұмысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әскери қызмет өткеруге тиісті жағдай жасауға, азық-түлікпен және киім-кешекпен жабдықтауға, медициналық көмек көрсету сапасына, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуына баса назар аударылып отыр.
Анықталған жекелеген құқықбұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар.
Тергеуге сәйкес, мәліметтер әзірге жария етілмейді. Комиссия жұмысы осы айдың соңына дейін аяқталады