Шағын қаланың даму әлеуеті қарқынды.
Құрылтай депутаттарының пікірінше, қаланың болашағы өнеркәсіппен шектелмейді. «Мемлекет басшысы Жолдауында өңірлер экономикасын әртараптандыруға назар аударған. «Мәселен, Риддердің дамуы мен көркеюінің басым бағыты – туризм болуы әбден мүмкін», – деді халықпен кездескен жұмыс тобы. Туризмге инвестор тарту үшін, ең алдымен, сапалы көлік-логистика инфрақұрылымы қажет. Сонымен қатар Ресей шекарасына дейін жаңа автожол салынбақ. Бұл көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептеліс мәселесін азайтпақ. Ал қаланы көркейтуге бағытталған жобалар тұрғындар санының артуына да ықпал ететіні сөзсіз, – деп түйіндеді депутаттар.
Олжас Нұралдинов, ҚР Құрылтайының депутаты:
– Ең біріншіден, мына қазіргі инфрақұрылым жүйесін дұрыстау керек. Ол ТЭЦ-тің мына жаңғыртуын тезірек бітіріп, адамдардың қауіпсіздігіне де дұрыс нәрсе сол ТЭЦ-ті жөндеу. Содан кейін инфрақұрылым мәселелерін істеу, былтыр осы Риддер қаласында үлкен аурухана іске қосылды. Содан кейін мектеп ашылды.