Алматы облысындағы кеден бекеттері қалыпты жағдайда қызмет көрсетуде
Оларды арнайы құрылғымен тексергенде белгілі болды. Бірақ бұл жолаушылардан коронавирус індетінің белгілері анықталмаған. Жалпы қазір өңірдегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы 22 қаңтардан бері жабық. Ал қалған Қалжат, Алтынкөл жол, Нұр жолы, Алакөл, теміржол өткізу пункттері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.
Ғабит Оразов, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
- Адам таситын автобустар, теміржол қатынасы тоқтатылды. Бірақ жүк таситын теміржол құралдары мен көліктерін тоқтату туралы нұсқау түскен жоқ. Кеден бекеттерінің жаяу өткізу пункттері жұмыс істеп тұр. Жұмыс бабымен кіретін азаматтар міндетті түрде кеден бекетінен дене қызуын анықтайтын құрылғылар арқылы өткізіледі.