Жаңа ережеге сай иесіз үй жануарларының басым бөлігі зарарсыздандырылады
Жаңа ережеге сай енді жануарлардың басым бөлігі зарарсыздандырылады. Яғни арнайы дәрі-дәрімек егіліп, адамға жұғатын аурудан айықтырылды. Кейін әрқайсысына чип салынып, бұрынғы жүрген жерлеріне жіберіледі. Соңғы 5 айда 115 ит ауланып, клиникаларда тексеруден өткен.
Бекжасар Сидихов, БҚАТУ ғылыми-өндірістік оқу орталығының меңгерушісі:
- Стерилизация жасағаннан кейін оларды дегельминтизация жасаймыз. Бұл – оларды әртүрлі инвазиялық, паразитарлық аурулардан арылту. Сол ем-домдарын қолданып, алдын ала профилактика жасап, одан кейін әртүрлі инфекцияларға тексеріп, вакцина егеміз. Инфекциялық чума сияқты ауруларға қарсы егеміз.
Серік Нұрмағамбетов, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:
- Былай айтқанда ізгілік қой. Сондықтан ізгілендіру бағытында ережеде көрсеткендей итті зарарсыздандырамыз. Осы бағытта облыс бойынша бізге 60 млн теңге бөлінеді. Соның 28 млн-дайы біздің қалаға бөлініп отыр. Тоқтап қалатын жұмыс емес. Еуропаның жартысы, Канадада, Түркияда осылай жасайды екен. Осы бағытқа біз де тоқталып отырмыз.