Қарағанды облысында жол тазалығына жауаптылар жазаланды
Бұл бірінші ескерту емес. Бұған дейін де ісіне салғырт қараған 12 жауапты тұлғаны қарағандылық тәртіп сақшылары әкімшілік жазаға тартқан болатын. Бірақ келеңсіз жағдай тағы қайталанып отыр.
Әлібек Мейрамов, Қарағанды облыстық әкімшілік полиция басқармасының басшысы:
- Бұл – республикалық маңызы бар жол. Қазір екі жиегін қар басып қалғандықтан көліктер бір жолақпен жүруге мәжбүр. Тиісінше жол апаттарының қаупі артқан. Ал өкінішке қарай, жол бойында қар тазалап жүрген техникалар өте аз.