Коронавирустан қорғану мақсатына 52,6 млн теңге бөлінді
«Өңірдегі медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен түгелдей қамтамасыз етілді. Облыс бойынша коронавирусқа шалдыққан науқастарды оқшаулауға арналған 21 оқу-жаттығу өткізілді», – дейді сала басшылары. Жетісу жерінде көршілес ҚХР-мен шекарада орналасқан 6 кеден бекеті бар. Ондағы сақтық шаралары да барынша күшейтілген. Алматы облысы бойынша 450 медицина қызметкері қайта даярлықтан өтті. Олар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алыс және жақын шетелдерден оралған азаматтар да дәрігерлер бақылауына алынған.
Қайрат Баймұхамбетов, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:
- Облысқа 2970 кісі келді. Соның әрқайсысына медициналық мамандар күнделікті хабарласып, жағдайын біліп тұрады. 73 адам қазір медициналық бақылауда тұр. Олардың ішінде аурудың ешқандай симптомы жоқ.