Коронавирус: 900-ден астам отандасымыз карантинде
Нақтылап кетсек, 340-қа жуығы көпшіліктен оқшауланған ортада, ал қалған 500-ден астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылауда. Карантин мерзімі – кемі екі апта. Бұл уақыт ішінде олар жұмысқа шықпауы тиіс. Жаман айтпай жақсы жоқ, карантиндегі азаматтың ауруға душар болғаны анықталса, оған еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері айына 15 АЕК-тен аспайды. Азаматтар назар аударуы тиіс тағы бір жайт, жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшысын іссапарға жіберуге құқылы.
Серік Айтбаев, заңгер:
- Өкінішке қарай қызметкердің іссапардан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл жағдайда еңбек келісімшарты бұзылады. Шара қолданылады, тіпті жұмыстан шығуы мүмкін. Сондықтан бас тарта алмайды. Дегенмен заңға өзгеріс енгізу керек деп ойлаймын. Әсіресе жаһандық пандемия, эпидемия болған кезде қызметкердің құқығы қорғалуы тиіс.