«Серпін» бойынша оқитын студенттер үйлеріне жіберіледі
Коронавирустың алдын алу шараларына байланысты мұнда «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 959 студенттің барлығы жақын күндері өз үйлеріне қайтарылады. Ал Foundation факультетіндегі Моңғолия, Қытай елдерінің тыңдаушылары уақытша туған-туыстарына жіберіледі. Қазір ЖОО-да Үндістаннан келіп оқып жатқандардың мәселесі шешіліп жатыр. Осылайша наурыздың 16-сынан бастап күндізгі бөлім, магистратура және докторантурадағы 7 мыңға жуық студент онлайн режимде оқитын болады. Ол үшін барлық жағдай қарастырылған.
Жанар Таласпаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректорының міндетін атқарушы:
- Біздің университет түгелдей даяр, яғни бүгінгі күні «Е-learning NKZU» электрондық жүйесіне барлық қажетті оқу материалы енгізілген. Оқытушылар мен студенттер бұл мәселе бойынша хабардар. Бұл туралы шұғыл ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Алдағы уақытта біз барлық студент пен оқытушыларды осы онлайн режим бойыншв қадағалауға алатын боламыз.