Елордада азаматтық қорғау қызметтері тәулік бойы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті
Қала әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар нысандардың жұмыс кестесі бекітілді. Атап айтқанда, ірі сауда нысандары және ойын-сауық орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсете береді. Санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Сәйкесінше қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады. Мейрамхана, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00-ге дейін шектелді. Оның өзінде 50 адамға дейін қызмет көрсетілуі тиіс. Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. Автобустар соңғы аялaдама бекетінде тиісті залалсыздандырудан өткізіледі. Балабақшалар жұмысын қалыпты режимде жалғастырады. Ал баланы апару не апармауды ата-ана өзі шешеді.