ШҚО-да барлық мекеме күшейтілген кесте бойынша жұмыс істеп жатыр
Өскеменнің өзінде дезинфекция заттарымен жабдықтайтын 10 компания бар. Ондағы мамандар кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын. Облысқа вирус ошағы тіркелген елден келген 73 адам ауруханаға жатқызылып, олардың 64-і шықты.
Ілияс Мұхаммеджанов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Еш күмән жоқ. Олар, біріншіден, науқастардан бөлек. Күдікті болған науқастармен қатынаста болатын медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен қаупін сақтау – біздің міндетіміз. Сондықтан біз бетпердемен, бірреттік киімдермен, қолғаптармен 100% жабдықталған.